Бос қайтқан шелек
Бос қайтқан шелек

 Бір кісінің басынан өткен оқиғасы.

“Бала едім! Ауылда өстік.  Анам мені суға жұмсады. Өзенде біраз ұзақта еді. Қолыма шелекті алдымда өзенге  қарай кеттім, анамның бір ауыз сөзі үшін.  Өзенге келе жатқанымда алдымда бір топ балдар доп ойнап жүр екен. Қолымдағы шелекті қойдымда, балдармен бірге ойынға кірісіп кеттім. Шелекте, суда, анамның айтқан сөзіде барі ұмытылды.  Уакыт шіркін тұрмайды ғой бір орында. Кештің қалай болғанын сезбедім. Кун батып жатыр. Бірде анамның айтқан сөзі, маған берген жұмысы есіме тусті  Қараңғы болып қалған және, өзен жақ қорқынышты еді. Бір жағынан қараңғылықтан қорқамын, бір жағынан анамнан қорқамын, Мейлі деп үйге қарай бет алдым. Шелегім бос қайтты. Үйге келген соң анамнан  таяқ жедім.

”Әлгі кісі біраз үнсіз тұрды да, былай деп жалғастырды:  “Анам менің қолыма шелек ұстатып суға жібергендей.  Алла бізгеде шелек ұстатып сауап жинаңдар деп жіберді. Бірақ кішкентай кунімізде балалықпен доп ойнап кеткендей, кейде дүние ойлап ахірет күнін ұмытып кетіп жатырмыз.  Доп ойнап кештің қалай өткенін білмегендей,  бес кундік жалған тіршілікпен өлімнің қалай келгенін білмей қаламыз.  Ахірет кунінде бос кайтқан шелектеріміз үшін недеп жауап береміз.” 

Төрегелді НауразханТөрегелді Науразхан
9 лет назад 4353
1 комментарий